Британияда алғашқы клондалған күшік пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британияда алғашқы клондалған күшік пайда болды

Британияда алғашқы клондалған күшік пайда болды

Лондон тұрғыны Ұлыбританиядағы алғаш клондалған иттің иесі атанды, деп жазады Daily Mail.

  • 13 Тамыз 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Мини-Винни атты Такса тұқымды күшік 12 жастағы Винни есімді иттің тері клеткаларынан клондалып шығарылған. Клондау жұмыстары Оңтүстік Кореяның зертханаларының бірінде жасалған.

«Винни — менің сүйікті итім. Ал, оның клеткасынан клондалған Мини-Винни атты күшік екеуі өте ұқсас. Бірдей уақыт ұйықтайды, таңертең бір уақытта тұрады», — дейді 29 жастағы келіншек.

Итті клондау 90 мың доллар тұрады екен, бірақ тұрғын бұл ақшаны төлемепті. Ол арнайы конкурс барысында осы мүмкіндікті жеңіп алған.