Құжатқа Украина және Польша үкімет басшылары Виктор Янукович пен Лешек Миллердің қатысуымен Донецк қаласында қол қойылды.
Соның нәтижесінде «Броды-Плоцк» мұнай құбырының құрылысын сала бастауға дайындық жұмыстары одан әрі жалғаса түсті. Аталмыш мұнай құбырын пайдалануға беру нәтижесінде мұнайды «Одесса-Броды» құбыр жүйесі арқылы Польша арқылы Солтүстік Еуропа елдеріне тасымалдауға мүмкіндік жасалады.
2001-жылы тартылған «Одесса-Броды» құбыр жүйесі Одесса-Броды-Гданьск бағытындағы Еуразиялық мұнай тасымалы дәлізінің бірінші кезегі болып табылады.