Жарияланды: 480

Брюссельде ҚР депутаттары Еуропарламент басшылығымен кездеседі

Бүгін Брюссельде Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Бобров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы саяси партиялар фракцияларының басшыларымен және Еуропарламент басшылығымен кездесулер өткізеді.

Нақтырақ айтар болсақ, қазақстандық депутаттар Еуропа халықтық партиясы тобының вице-президенті Иоаннис Касулидеспен, Социалшылар мен демократтардың ілгерішіл альянсы тобының өкілдері Б.Томсен (ЕП Қазақстан бойынша делегация мүшесі) мен Марк Тарабелламен, Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы тобының вице-президенті Николо Ринальдимен (ЕП Қазақстан бойынша делегация мүшесі), «Еркін және демократиялық Еуропа» тобының өкілі Роландс Лаксаспен (ЕП Қазақстан бойынша делегация мүшесі) кездеседі. Сонымен қатар парламентшілер Парламенттік ынтымақтастық комитетінің «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» 10-ыншы мерейтолық отырысына қатысады. Бүгін Брюссельде Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Бобров бастаған ҚР Парламенті делегациясы Парламенттік ынтымақтастық комитетінің «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» 10-ыншы мерейтолық отырысына қатысады. Іс-шара алдында кеше В.Бобров атап өткендей, отырыс барысында парламентаралық ықпалдастықтың көкейкесті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Оның ішінде адам құқықтарын қорғау, демократияландыру, экономикалық ынтымақтастық, сонымен қатар үшінші елдердегі ахуал мәселелері де бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін