Ең алдымен, əкімнің орынбасары Оспанов көшесінің бойындағы кəріз жүйесін жөндеп жатқан «Мекен» ЖШС-іне уақытында құрылыс жұмыстарын аяқтамағаны үшін сын айтып, жауапты адамды сұрақтың астына алды.
Қала əкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға 10 қыркүйекке дейін аяқтауды бұйырды. Жол жөндеп жатқан «Асмар-строй» ЖШС 15 қыркүйекке дейін 5 күнде жолды қалпына келтіруді бұйырды.
Келесі нысан бойынша Марков-Попов көшелерінің қиылысындағы жылу тарату желілерін жүргізіп жатқан «ЖК Астана құрылыс» мекемесін де сынға алынды.
«Құбырларды орналастыру ғана қалды. Байқау кеш басталды. 20 тамызда. 20 қыркүйекке дейін аяқтаймыз»,- деді компанияның атқарушы директоры Теңізбаева Айнұр.
Қала əкімінің орынбасары 17 күн ішінде аталған жұмыс аяқтала қоярына күмəн білдірді.
Келесі нысан 30 тамызда пайдалануға берілуі керек болатын.
Тимирязев-Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы «Алматы техносервис ЛТД» 12 қабатты үйлерді жылу желілеріне қосу керек еді.
Жұмыстың дұрыс аяқталмағанына көз жеткізген Болат Сауранбаев компанияны лицензиясынан айыруды талап етті.
Сондай-ақ, əкімшілік полиция өкілі аталған ЖШС-на жол белгілерін қоймай жұмыс істегені үшін екі рет 15 жəне 20 АЕК көлемде айыппұл салынғанын атап өтті.