Будапешт вокзалының маңында мигранттар полициямен төбелесті
![]() |
Будапешт вокзалында мигранттар мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. |
Венгрия билігі пана табу үшін Германия және басқа да батысеуропалық елдерге аттанбақ болған оларға пойызға отыруға тыйым салған.
Полиция бірнеше жас мигрантты қамауға алып, оларды елдің шығысында босқындарды қабылдау орталықтарына дейін жеткізетін пойыздарға күштеп салған көрінеді, деп хабарлайды Би-би-си.
Мигранттар Келети вокзалының маңында наразылық шарасына шықты. Олар қолдануға мүмкіндік берілмей отырған жол жүру құжаттарына жүздеген еуро жұмсағандарын айтып, шағымданған.
Венгрия билігі өз әрекетін мемлекеттік шекараларды қорғау міндеттемелерін орындауға талпынысымен түсіндіруде.
Еуроодақтың барлық елдері қол қойған Дублин келісіміне сәйкес, босқындар ЕО-ға келген бірінші елден пана табу өтінішін білдіруге міндетті болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін