Осыған дейін хабарланғандай, 22 адамға айып тағылып отыр. Олардың арасында Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов, облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов, облыстық әкімдік департаменттерінің жетекшілері, кәсіпкерлер мен басқа да бюджет қаржысын жымқырғандар бар.