Бүгін барлық өңірде ауа райы бұзылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін барлық өңірде ауа райы бұзылады

Бүгін барлық өңірде ауа райы бұзылады

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады. 

  • 14 Сәуiр 2023
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы синоптиктер болжамына сілтем жасап хабарлайды.

«Қара теңіз аудандарындағы белсенді циклон елдегі ауа райына ықпал етеді – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.


Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», – деп жазды синоптиктер.