Бүгін батыста күн ысыса, шығыс пен орталықта күрт суытады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін батыста күн ысыса, шығыс пен орталықта күрт суытады - Қазгидромет

Бүгін батыста күн ысыса, шығыс пен орталықта күрт суытады - Қазгидромет

2014 жылғы 9 маусымда солтүстік пен оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Жер-жерлерде күн күркіреп, жауын жауып, жел күшейеді, кей аудандарда тұман түседі, ал қалған аумақтар жауын-шашынсыз болады.

  • 9 Маусым 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz


Алматы, Жамбыл облыстарында, күндіз Қостанай облысында кейбір аймақтарыда жел 15-22 м/с-қа күшейіп, күн күркірейді.

Солтүстік Қазақстан облысында — күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күн күркірейді.

Қызылорда облысының кейбір аймақтарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаң көтеріледі, түнде тұман түседі деп күтілуде.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде жер-жерлерде күн күркірейді деп күтілуде.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градусқа дейін суық болады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей аудандарында қатты ыстық болады деп күтілуде.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталықта жер-жерлерде  өрт қауіптілігі күтілуде.