Жарияланды: 40

Бүгін Денис Теннің өмірден өткеніне 1 жыл

Бүгін Денис Теннің өмірден өткеніне 1 жыл Сурет - Eurosport

Бүгін, яғни 19 шілде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірден өткеніне 1 жыл.

Спортшы өткен жылдың 19 шілдесі күні Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында автокөлік ұрыларының қолынан жараланып, қайтыс болған еді.

Денис Тен сол күні досының асханасынан тамақ ішіп шығады. Екі жігіттің көлігінің айнасын ұрлағалы жатқанын байқаған Денис Тен  ұрыларға қарсы шығып, соңында сол жерде жараланды.

Дәрігерлер Денис Теннің аман қалуы үшін барын жасағанымен, мәнерлеп сырғанаушы сол күні 17.30-да қайтыс болды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін