Жарияланды: 500

Бүгін -Дүниежүзілік балалар күні

Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні.

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді өмірге енгізуді ұсынды. БҰҰ ел үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды. Ал 1959 жылдың 20 қарашасы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Жыл сайын 11 миллион бала өзінің бесінші туған күніне жетпей ажал құшады. Тағы ондаған миллионында денесінде немесе ақыл-есінде кемістіктер бар. Бөл өлімдердің дені оңай алдын алуға болатын немесе емделетін сырқаттардан болды, басқалары - аштық, надандық, кемсітушілік және зорлық-зомбылық салдарынан мерт болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін