Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болып, қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болып, қар жауады

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болып, қар жауады

Кей өңірлерде тұман түсіп, бұрқасын болады.

  • 19 Ақпан 2018
  • 234
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын.


Батыс Қазақстан облысында синоптиктер тұман түседі деп хабарлайды, боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар