Жарияланды: 390

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

30 тамызда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты

кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігінде тұман күтіледі, солтүстік-батысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай бақыланады, жел 15-22 м/с күшейеді. 
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай бақыланып, шаңды дауыл көтеріледі, түнде кей жерлерінде жел соғып, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай бақыланып, басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай бақыланып, тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін