Жарияланды: 370

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

3 қыркүйекте Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді. 

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 18-23 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде  өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін