Жарияланды: 640

Бүгін Халықаралық КВН күні

2001 жылдың 8 қарашасында Ресей мен ТМД-ның кейбір мемлекеттері тарихта алғаш рет Халықаралық Көңілді және тапқырлар клубы (КТК) күнін атап өтті.

Мереке идеясын Халықаралық КТК клубының президенті Александр Масляков ұсынды. Мерекелеу датасы Көңілді және тапқырлар клубы ойынының эфирге алғаш шыққан 1961 жылдың 8 қарашасынан алынды. Былтыр КВН 50 жылдық мерейтойын атап өтті. КВН-нің алғашқы жүргізушілері Элем Климов, Александр Белявский және Наталья Фатеева болды. Кейін оларды Альберт Аксельрод пен Светлана Жильцованың дуэті алмастырды. 1964 жылы Аксельродтың орнына Александр Масляков келіп, ол КВН-нің негізгі жүргізушісі әрі клуб басшысына айналды. 1971 жылдың соңына қарай КСРО Орталық телевизиясы басшылығымен болған кикілжің салдарынан бағдарлама біраз уақытқа жабылды. КВН тек 1986 жылы қайта түледі. Қазақстан КВН-ы көш кейін дамығанымен, қазір елімізде орыс тілді КВН-мен қатар, төл тіліміздегі Көңілді және тапқырлар клубтары бар. «Қазақстан КВН одағының» президенті - Есен Елеукен. Қазақша КВН еліміздегі талантты жастарды сахнаға шығарды. Олардың ең белсенді әрі дарынды қатысушылары бүгінде мәдениетте, шоу-бизнесте және басқа да салаларда өз орындарын табу үстінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін