Бүгін өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр жауады

Бүгін өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр жауады

Бүгін Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және орталығы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға дейін күшейюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.


Күндіз Шығыс Қазақстан облысында қатты ыстық түсуі ықтимал. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.