Жарияланды: 760

Бүгін Павлодар және Қарағанды облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет

Бүгін Павлодар және Қарағанды облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарының кей жерлерінде жаңбыр жауып,

найзағай болады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Түнде және таңертең республиканың солтүстігінің, орталығының және шығысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Қостанай, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. 
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінің топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 0-2 градус үсік болады. 
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін