Бүгін Қазақстанның солтүстік өңірінің басым бөлігінде бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның солтүстік өңірінің басым бөлігінде бұрқасын болады

Бүгін Қазақстанның солтүстік өңірінің басым бөлігінде бұрқасын болады

Қазақстанның барлық аймақтары арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді. Тек еліміздің батыс өңірі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі.

  • 11 Наурыз 2015
  • 501
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, түнде және таңертен желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-22 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда,  Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.


Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.