Жарияланды: 420

Бүгін Үкімет пен Ұлттық банк Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын қабылдайды

Бүгін Үкімет пен Ұлттық банк Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын қабылдайды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режімде ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізеді, деп хабарлады primeminister.kz.

Күн тәртібінде «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы жобасы қаралады.

Сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын талқылап, қабылдау жоспарлануда.
Бұдан басқа, Жұмыспен қамту -2020 жол картасын жандандыру және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру мәселелері қаралады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін