Бүгін жұртшылық "Қара бауыр қасқалдақтың" авторын ақтық сапарға шығарып салады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін жұртшылық "Қара бауыр қасқалдақтың" авторын ақтық сапарға шығарып салады

Бүгін жұртшылық "Қара бауыр қасқалдақтың" авторын ақтық сапарға шығарып салады

Белгілі ақын Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған "Қара бауыр қасқалдақ" әнімен танылған сазгер Лесбек Амановтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар кеше тарады. Бүгін марқұмды Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Асықата ауылының жұртшылығы ақтық сапарға шығарып салады.

  • 3 Ақпан 2017
  • 2613
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Фейсбуктегі Халық Шығармашылығы парақшасына сүйене отырып Caravan.kz тілшісі хабарлады.  

Бір өкініштісі, ғаламторда Лесбек Амановтың өмірбаяны тіркелмеген. Тек там-тұм деректерден 1954 жылы туғанын анықтадық. Ал одан кейінгі қысқа ғана өмір жолын сазгердің "Жас Алаш" газетіндегі "Қара бауыр қасқалдақ — Қонаев, қаңғып келген шүрегей — Колбин" атты сұхбатынан білуге болады. Онда Лесбек Аманов:

— Домбыраны қолыма бес жасымда алдым. Әкем жарықтықтың ақындығы болатын. Әкем Анас — бiр әулеттегi соғыстан аман-есен оралған жалғыз тұяқ едi. Екi ағасы майданда шейiт болған. Мен дүние­ге келген Қызылқұм ауданы Әжемсеңгiр деген жер қазiр Шардара су қоймасының астында жатыр. Ағам дүниеге келген кезде әкем “артынан тағы серiк болар бiр бала келсiн” деп, атын Серiк деп қойыпты. Мен туған кезде “Серiктiң артынан iлесiп жүрсiн” деп атымды Лесбек қойыпты.

Анам Маржанкүл дүниеден ерте қайтты. Мен ол кезде бес жаста едiм. Көксу кеңшарының          С. Ерубаев атындағы мектебiне барып, оны 1972 жылы бiтiрдiм. Әкемнiң жолын қуып (ол кiсi орман шаруашылығында жұмыс iстеген), Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтына оқуға құжат тапсырғанмын. Бiрақ, түсе алмадым. Содан Алматы құрылыс техникумына түсiп, бiр жылдан кейiн оны тастап кеттiм. Себебi, өнер қайда жүрсем де, менi қол бұлғап шақырып тұрғандай болды.  

Бұдан кейiн Шымкенттегi әл-Фараби атындағы мәдениет институтына түстiм. Бiрақ оным қателiк болыпты. Мен о баста не консерваторияға, не музыкалық училищеге баруым керек едi. Ал мәдениет инс­титуты мәдениет қызметкерлерiн даярлайды екен. Бiр жағы оқуға той-жиындардан да қол тимедi. Қысқасы, көп ұзамай институттан шығып қалдым. Осыдан кейiн “Психология, философияны оқы­май-ақ сазгер боламын” деп, қолымды бiр сiлтеп ауылға тартып кеттiм. 1983 жылдан бастап 2002 жылға дейiн сонда аудандық мәдениет бөлiмiнде жұмыс iстедiм, — дейді.

Аталған газетке 2010 жылдың 25 мамырында шыққан осы материалда автор Ғалымжан Елшібай: "Лесбек Аманов қазiр Шым­кент­тегi халық шығармашылығы орталығында жұмыс iстейдi. Расында да психология мен философияны оқымай-ақ, жоғары оқу орнын тәмамдамай-ақ, халық мойындаған сазгерлердiң қатарына қосылды.  Қазiр 100-ден аса әнi бар. Көпшiлiгi халық әнi болып кеткен. “Оралыңның барында ойна да күл”, “Ба­уырлар” тобының орындауындағы “Бiздер де ғашық болғанбыз”, Күләш Ахметованың сөзiне жазыл­ған “Қыз ұзату”, Мұқағалидың сөзiне жазылған “Әйелдер-ай, қандайсыңдар”, “Шолпанға” (“Жiгер” тобының орындауында), “Ақторғыным” әндерi – бүгiнде тойдың да, сахнаның да сәнi" деп жазған.