Жарияланды: 40

"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы Сурет - Flickr

"Бұл олардың таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова журналистердің Астанадағы бес қыздың өліміне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысынан кейін Светлана Жақыпова журналистерге ведомство өкілдерінің қаза тапқандардың отбасына барып, көңіл айтқанын хабарлады.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта көпбалалы отбасылардың арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, отбасы табысы төмен болса, қосымша жәрдемақы алатынын айтады.

"У-шусыз жауап берейін. Бүгінде министрлікте көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мәселесін жетілдіру талқыланып жатыр. Осыған дейін ешқандай шаралар қолданылған жоқ деп ойламаңыздар", - деді Жақыпова.

"Ал министр қайда (Мадина Әбілқасымова), ол кешеден бері ем алып жатыр дейді ғой?", - деп сұрады журналистер.

"Жоқ, кешеден бері емес, өткен аптадан бері ауырып жатыр", - деді вице-министр.

"Қаза тапқан балалардың отбасына барып қайттыңыз ба?", - деп тағы сұрақ қойды БАҚ өкілі.

"Барып қайттық. Кеше министрдің өзі де барып қайтты", - деді Жақыпова.

"Ата-анасы неге түнде жұмыс істеуге мәжбүр болған?", - деп сұрады журналистер.

"Бұл өз таңдаулары", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін