Бүгін таңертең Дж.Ассанж БҰҰ арнайы тобы оны қолдау туралы шешім шығармайтын болса британдық полицияға берілетінін мəлімдеген болатын.
«Ертең жұмыс тобы мені Ұлыбритания мен Швецияға қарсы шағымымды қанағаттандырмаса, жұма күні түсте елшілік ғимаратынан шығып, британдық полицияға берілемін. Себебі, әрі қарай маған тағылған айыпқа қарсы шағымданудың пайдасы жоқ», — деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісінде.
Сонымен қатар, Дж.Ассанж жұмыс тобы жүргізген зерттеулер оның кінәсіздігін дәлелдеуге мүмкіндік береді деп үміттенетінін де жасырмайды.
Д.Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде бас сауғалап отыр. Швеция оны 2010 жылы екі əйелді зорлады деген айыппен өз еліне экстрадициялауға күш салуда.