БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

БҰҰ Қырғызстандағы қалыңдықты ұрлап, өлтіру оқиғасына алаңдаушылық білдірді.

  • 1 Маусым 2018
  • 48
Фото - Caravan.kz

БҰҰ Қырғызстандағы қызды ұрлап, аяусыз өлтірген оқиғадан кейін осындай қылмыстарға қатысты алаңдаушылығын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Соңғы деректер бойынша, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі қыздардың 13,8 %-ын күштеп тұрмысқа берген. 

"Қырғызстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңсыз әрекетті жоюды қолдайды және оны 2022 жылға дейін Қырғызстан үкіметі қол қойған келісімге сәйкес басымдықтардың бірі деп таниды", — делінген мәлімдеме мәтінінде. 

БҰҰ атап өткендей, балалардың некелесуі немесе мәжбүрлеп үйлендіру адамның негізгі құқықтарын бұзу болып саналады және тікелей қатысушыларға да, бүкіл қоғамға да орны толмас  зардабын тигізеді. Қалыңдық ұрлау, күштеп үйлендіру немесе алып қашу сияқты әрекеттер Қырғызстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне сай келмейді, әлсіз адамдардың құқығын бұзу болып табылады.

Қырғызстандағы БҰҰ агенттігі ел билігін мұндай әрекеттерді тоқтатып, ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың орындалуы үшін тиісті шаралар атқаруға шақырды. 


Оқи отырыңыз:

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар