БҰҰ-ның Орта Азияға арналаған нысаналы дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның Орта Азияға арналаған нысаналы дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы ашылды

БҰҰ-ның Орта Азияға арналаған нысаналы дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы ашылды

Астана. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ашхабадта 10 - 11 желтоқсан аралығында өткен "Нысаналы дипломатия және халықаралық ынтымақтастық" атты халықаралық конференция аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орта Азияға арналаған нысаналы дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының ашылуы болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық өкілдер де қатысқан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз сөзінде Е. Қазыханов Орта Азияның халықаралық саясаттағы артып келе жатқан рөлін тілге тиек еткен.

«Аймақ елдерінің біріккен күш-жігері бұрынғыдай халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге қарсы күреске, сонымен қатар есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таралуына және қылмысқа қарсы күреске бағытталуға тиіс»,- деп атап өтті министрдің орынбасары.

Баспасөз баянында хабарланғандай, қазақстандық өкілдер жетекшісі Ауғанстанда сақталып отырған тұрақсыздық, радикалдық және экстремистік идеялар экспорты, босқындар және көші-қон проблемасына байланысты қауіп төндіретіндігін атап көрсетті. Осыған байланысты ол, Ағанстанның экономикасын қалпына келтіруге көмек көрсетудегі күш-жігерді пәрмендендіру қажет, деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті