Былтыр скрининг арқылы 304 мың дерт анықталды - министр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр скрининг арқылы 304 мың дерт анықталды - министр

Былтыр скрининг арқылы 304 мың дерт анықталды - министр

2018 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі Тұңғыш президент - Елбасының былтырғы жолдауында айтылған тапсырмалары және Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық саланы цифрландыру бағыттары бойынша жұмыс істеді. 

  • 18 Маусым 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында елімізде Ұлттық скриниг бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл — ересек тұрғындар мен балаларды экспресс зерттеудің 7 түрі. Былтыр 7 миллион адамды қамтыған 12 миллионнан астам зерттеу жұмыстары жүргізілді. 304 мың дерт анықталып, 260 мың адам тіркеуге алынды", — дейді Елжан Біртанов.

Елбасының тапсырмасы бойынша қоғамдық денсаулықты басқару бойынша шаралар жоспары қабылданып, оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша жаңа стандарттар енгізілді.


Соңғы жаңалықтар