Cамбо бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегерін пышақтап кетті
![]() |
Батыс Қазақстанда самбо бойынша әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Артур Халықовты пышақтап кетті, |
деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстың ішкі істер департаментінен.
Полицияның деректеріне қарағанда, пышақтан жарақат алған екі жігіт Сырым ауданының ауруханасына әкелінген. Оның бірі А.Халықов ауруханада қаза болған, екіншісінің жағдайы ауыр.
Осы қылмысты жасады деп күдік келтірілген Орал тұрғыны іздестірілуде, деді әңгімелесуші.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін