Челахты адвокаты қорғамайтын болды
|
Владислав Челахтан адвокаты бас тартты! Төлеген Берліқожанов жуырда басталатын “Арқанкергендегі” қанды қылмысқа қатысты сот процесінде Челахты қорғамайтынан айтты.
Адвокат мұныңсебебін, Челахтың екінші адвокаты Серік Сәрсеновпен сөзге келіп қалғанымен түсіндіріп отыр. Айтуынша, әріптесімен екеуінің пікірі екі тарапқа кеткен. Сондықтан бет жыртыспай сот процесінен бас тартуды жөн көрдім дейді. Челахтар әулеті адвокаттың бұл шешімінен құлағдар екен. Әзірге белгілісі, Арқанкерген шекара бекетіндегі қанды қылмысқа қатысты сот процесін мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Ербол Ахметжанов жүргізбек. Аталмыш қылмыстық іс 56 томнан тұрады, оның үшеуі аса құпия дерек ретінде сақталып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін