Цюрихте ФИФА-ның жаңа басшысын сайлайтын конгресс басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цюрихте ФИФА-ның жаңа басшысын сайлайтын конгресс басталды

Цюрихте ФИФА-ның жаңа басшысын сайлайтын конгресс басталды

Цюрихте Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кезектен тыс конгресі басталды. Онда ұйымның жаңа президенті сайланады, деп хабарлады РИА Новости. 

  • 26 Ақпан 2016
  • 304
Фото - Caravan.kz


Конгресс бүгін, жұмада Цюрихтегі "Халленштадион" аренасында өтуде. Президентті сайлаудан бөлек конгресс ұйымның басқару құрылымын өзгертетін бірқатар ауқымды реформаны қабылдауы керек.

ФИФА басшысы лауазымына үміткерлер: Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн, УЕФА бас хатшысы Джанни Инфантино, Азиялық футбол конфедерациясының (AFC) президенті шейх Салман бин Ибрагим әл-Халифа, ФИФА бас хатшысының бұрынғы орынбасары француз Жером Шампань және оңтүстікафрикалық Токио Сексвале.