Дағыстанда ауыл мешітінің имамын өлтірді
![]() |
Дағыстандық Куруш ауылында сәрсенбі күні жергілікті мешіттің имамы өлтірілді, |
деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
34 жастағы имам Магомед Хидиров таң намазына бара жатқанда бетперде киген екі белгісіз адам тапаншамен оған оқ атқан.
«Жараланған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Белгісіз тұлғалар ізін суытып кеткен», - делінген хабарламада.
Тергеу комитеті «адам өлтіру» және «заңсыз қару ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін