Жарияланды: 410

Дағыстанда оққа ұшқан азаматтың қазақстандық төлқұжаты өз күшін 2012 жылдың мамырында жоғалтқан

Дағыстанда оққа ұшқан Вадим Кадымовтың қазақстандық төлқұжаты өз күшін 2012 жылдың 17 мамырында жоғалтқан.

Бұл бүгін өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Дағыстанда оққа ұшқан адамның азаматтығын анықтау мақсатында Ресей тарапына дер кезінде тиісті сұраныс жолданды. 12 қараша күні РФ Ұлттық лаңкестікке қарсы комитетінен тиісті ақпарат алдық. Ресей Федералды Қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Ақтау тумасы (1985 жылы туған) Вадим Кадысович Кадымов жеке сапармен 2010 жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжатымен РФ шекарасынан өткені анықталды. ҚР төлқұжаты өз күшін 2012 жылдың 17 мамырында жоғалтқан»,-деді ресми өкіл. Белгілі болғандай, Дағыстан Республикасы Тергеу басқармасының алдын ала ақпараты бойынша, қазіргі таңда оның азаматтығын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. «Аталған тұлға Қазақстан Республикасының азаматы деп танылған жағдайда Тергеу басқармасы ресми түрде хабарлайтын болады»,-деді А. Әбибуллаев. Естеріңзге сала кетейік, жақында бұқаралық ақпарат құралдары Дағыстанда Қазақстан азаматының оққа ұшқанын хабарлаған болатын. Ресейдің лаңкестікке қарсы күрес комитетінің мамандары үш адамнан құралған топты содыр деп танып, оларды қолға түсіру операциясын іске асырды. Бастапқыда полицейлер содырлардың ерікті түрде берілулерін өтінген. Бірақ, олар мұнан бас тартып, жауап ретінде оқ жаудырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін