Дайындығың қалай қазағым? Жасанды интеллект 100 000 адамды жұмыссыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дайындығың қалай қазағым? Жасанды интеллект 100 000 адамды жұмыссыз қалдырды

Дайындығың қалай қазағым? Жасанды интеллект 100 000 адамды жұмыссыз қалдырды

Әлемдегі жұмыссыздық көрсеткіші одан бетер ушығайын деп тұр.

  • 10 Шiлде
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Енді бұл қатарға әлемдегі ең ірі Amazon интернет-дүкенінің қызметкерлері қосылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

АҚШ-та әлемдегі ең ірі компания осы жылы қойма жұмысшыларының қызметінен бас тартуды жоспарлаған. Қазірдің өзінде компания 750 мың роботты іске қосып, 100 000 қызметкерді жұмыстан босатқан.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердің жылап қоштасқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Кеңес дәуірінде «кибернетика – империализмнің азғын қызы» деген сөз осы болашақ туралы айтылған екен. Ақпараттық технологияның дамуы адамдарды өндірістерден ығыстырып жатыр. Сондай-ақ жасанды интеллект пайда табудың әрі оны көбейтудің таптырмас құралы.

«Өгізге туған күн бұзауға да туады, дайындығың қалай Қазағым? Арабтың ертегісі асырай алмайтын заман келе жатыр», — деп пікір білдірді Ахметбек Нұрсила.

Басқа не дейміз… Капитализм…