Жарияланды: 540

«Данабанк» атын өзгертіп, PNB-Қазақстан деп аталатын болды

«Данабанк» атын «PNB-Казахстан» деп өзгертті, деп банктен ҚазТАГ-қа хабарлады.

«Банк атын өзгертуі банктің ірі акционері - Penjab National Bank былтырғы желтоқсанда банк акцияларының бақылау пакетін сатып алған. 27 маусымнан бастап жаңа жарғыны бекіткеннен соң, банктің жаңа аты - «PNB-Казахстан» деп аталады», деп банктен дүйсенбі күні хабарлады. «Данабанк» АҚ активтер көлемі жағынан Қазақстан банктерінің арасында 34-ші орын алады. Банк активтері 2011-ші жылы 1-ші маусымда Т6,09 млрд, жеке капиталы – Т5,24 млрд болды. Жыл басынан бері жабылмаған банк шығыны Т176,22 млн болды. Банктің акцияларының 10%-нан астамына иелік етіп отырған ірі ойыншылары Сәния Жақыпова мен Альфия Қуанышева. Олар сәйкесінше, акция пакеттерінің 23,55% және 11%-на ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін