Дания мигранттарға байланысты Германиядан келетін пойыздарды жібермей отыр
![]() |
Шекарада жүздеген мигрант ұсталған соң Дания Германиямен арадағы темір жол бағытын уақытша жапты. |
Екі елді байланыстыратын Е-45 автомагистраліндегі қозғалыс та тоқтатылды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Автожолмен шамамен 300 мигрант жаяу солтүстікке бет алған. Олар Швецияға бармақ. Ал, Данияның DSB темір жол компаниясының хабарлауынша, төлқұжаттарды тексеруге байланысты 200-ден астам мигранты бар екі жолаушылар пойызы қазір Родбю портында тұр. Мұнда Германиядан паромдар келеді. Даниялық полицейлердің сөзіне қарағанда, мигранттардың көбі вагоннан шығудан бас тартып отыр. Өйткені, олар Данияда тіркеуге тұруды қаламайды. Себебі, Швеция сириялық босқындардың барлығына елде тұруға рұқсат беретінін жариялаған болатын.
Соңғы күндері 1200-ден астам мигрант Германиядан Дания шекарасы арқылы Швецияға өткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін