Жарияланды: 70

Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

Британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) туралы бейнесюжет жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және жекпе-жектің сыртындағы сәттер көрсетілген.

Айта кетсек, Данияр коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-та карантин жарияланғандықтан Бойнтон-Бичте (Флорида штаты) қалып қойды. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырған 960 896 адам тіркелген (қайтыс болғандар - 54 265, жазылып шыққандар – 118 162).

Елеусіновтің кәсіби мансабына келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы өткізуі керек.

Еске сала кетсек, Matchroom Boxing компаниясын тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұмыс істейді. Бұл компанияны Эдди Хирн басқарады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін