Алайда баға дәрінің барлығына емес, 200 түріне ғана өспейді деп шешілген. Арасында көпшілік кеңінен тұтынатын препараттар бар. Мысалы, ыстық түсіретін, суыққа қарсы антиобтиктер, асқазан, жүрек ауруларына жиі қолданатын дәрілер мен ине, дәке, мақталар. Препараттардың басым бөлігі отандық өнімдер. Ал тізім мен баға көрсетілген парақша әрбір дәріханада ілулі тұруы тиіс. Егер тұрғындар аталған препараттарға бағаның көтерілгенін байқаса, Денсаулық сақтау министрлігіне шағымдана алады.
Серік Сұлтанов, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті:
-Ең бастысы дәрі сатып алуға келген тұтынушы қабырғада ілініп тұратын бағамен танысуы керек. Егер өзіне қажетті препараттың бағасы ілініп тұрған бағамен сәйкес келмесе, бірден шағым жазуына құқы бар.