Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.89
  • 587.54
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Дариға Назарбаева Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Билікте тағы да ел күтпеген ауыс-түйіс! Бүгін Дариға Назарбаева Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды.

  • 12 Қыркүйек 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

Ол бұған дейін Мәжіліс төрағасының орынбасары болды. Бұл қызметке былтыр сәуір айында сайланған. Ал оған дейін мәжіліс депутаты, әрі сондағы әлеуметтік және мәдениет істері комитетінің жетекшісі міндетін атқарған. Дариға Назарбаева – қоғам ісіне белсене араласатын саясаткер. Кезінде «Асар» партиясын құрып, соны басқарғаны мәлім. Ол 1963 жылы Теміртауда дүниеге келді. Мәскеу мемлекеттік университетінде тарихшы мамандығы бойынша білім алған. 3 баланың анасы.  

Перейти к новостям спорта