Дархан Кәлетаев Украина Премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дархан Кәлетаев Украина Премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесті

Дархан Кәлетаев Украина Премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесті

2020 жылғы 2 шілдеде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаевтың Украина Премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесуі өтті.

  • 3 Шiлде 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Украина арасындағы сауда және кооперациялық байланыстарды жандандыру үшін елеулі әлеуеттің бар екендігін растады. Осыған орай, бірқатар перспективті бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жалпы амалдар келісілді. Оның ішінде, қазақстандық компаниялардың Украинадағы ауқымды жекешелендіру процесіне қатысуы мәселесі де талқыланды.

Бұл ретте, Елші инвестициялық ынтымақтастықтың сәтті мысалдарын келтірді: қазақстандық инвестордың Житомир облысында «Андрушовоэлеваторын» іске қосқандығы, Шығыс Қазақстан облысында майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаның басталуы, сондай-ақ, сүт жән еет мал шаруашылығы саласында қазақстандық фермаларда тиімді украиналық технологиялардың енгізіліп жатқандығы туралы.

Анықтама үшін:
ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша соңғы 10 жылда Украинаға қазақстандық тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 278,9 млн. долл. құрады, ал украиналық инвестицялардың көлемі – 264,9 млн. долл.

Ерекше назар көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастыққа бөлінді. Д.Калетаев Украинаға қазақстандық электровоздар мен локомотивтерді жеткізуді ұйымдастыруға, қазақстандық компаниялардың жол құрылысына қатысуына, сондай-ақ Украинада жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы фото-видео жазбалар кешенін енгізуге қызығушылық білдірді. Бұл жобалар бойынша алдын-ала келіссөздер басталды.

Әңгімелесушілер Транскаспийлік халықаралық көлік бағытын дамытуға қосымша серпін беру қажеттігін растады.