Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық қабылданды

Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық қабылданды

Бүгін  ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы қаулы қабылданды.

  • 16 Наурыз 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің назарларыңызға дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Қаулы бойынша қоса беріліп отырған дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. Осы нұсқаулықты облыстық, аумақтық, қалалық сайлау комиссияларына жіберуіміз керек. Қаулыны қабылдауды өтінемін», — деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан қолдады.