Давоста бүгін Дүниежүзілік экономикалық форум ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Давоста бүгін Дүниежүзілік экономикалық форум ашылады

Давоста бүгін Дүниежүзілік экономикалық форум ашылады

Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы сессиясы 46-шы рет швейцариялық Давоста өтеді. 20-23 қаңтар аралығында танымал тау-шаңғы шипажайы әлемнің 140 елінен жиналатын 2,5 мыңға жуық делегаттарды қабылдайды.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 635
Фото - Caravan.kz

 Дәстүр бойынша, олардың арасында бірнеше ондаған президенттер мен үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен танымал қоғамдық қайраткерлер болады.

Өткен жылы Давостың тақырыбы «Жаңа жаһандық мәнмәтін» мен оған жазылған он басты әлемдік қауіп-қатер болған. Осы жолы тақырып одан нақтырақ белгіленген — бұл «төртінші өнеркәсіптік төңкеріс» пен онымен байланысты мүмкіндіктер мен проблемалар.

Ұйымдастырушылар белгілеген басқа тақырыптардың арасында — жаһандық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, энергиялық ресурстардың бағалары мен «жаңа ресмилілік» (экономикалық өсімнің төмен қарқындары дәуірінің басталуы) бар.