ДДСҰ маймыл шешегін пандемия деп жариялады деген жалған ақпарат тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ маймыл шешегін пандемия деп жариялады деген жалған ақпарат тарап жатыр

ДДСҰ маймыл шешегін пандемия деп жариялады деген жалған ақпарат тарап жатыр

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін пандемия деп жариялағаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр.

  • 29 Маусым 2022
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұйымның ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ. Маймыл шешегінің таралуына қатысты порталдағы соңғы жаңалық биыл 27 маусымында жарияланған", — делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда маймыл шешегінің расталған жағдайларының саны 4 378-ге жетті. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясын жариялаған кезде 114 елде індетті жұқтырғандар саны 118 мыңнан асып, 4 291 науқас қайтыс болды.

Биыл 30 мамырда ұйым өкілдері БАҚ-қа маймыл шешегі пандемиясының болуы екіталай екенін айтты. Өйткені ауру баяу таралуда және ауыр белгілері жоқ.


"Әр түрлі саладағы белсенділер маймыл шешегін пандемия деп тануды ұсынды. Бұл бірлестіктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшесі емес және ұйымға айтарлықтай ықпалы жоқ. Демек, маймыл шешегінің пандемия деп танылуы туралы ақпарат – фейк", — деп жазылған сайтта.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр