Демалыс күндері елде ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері елде ауа райы қандай болады

Демалыс күндері елде ауа райы қандай болады

Қазгидромет 19-21 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын болжады.

  • 18 Наурыз 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 19-20 наурызда ел аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты аяз болады, жауын-шашын жаумайды.

Алайда 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда, 21 наурызда республиканың көп бөлігінде ауа температурасы көтеріледі және ауа райы нашарлайды – қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейіп, боран болады. Республика бойынша тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы


Нұр-Сұлтанда 19-20 наурызда күн бұлтты, түнде -23…-28C, күндіз -6…-8C көрсетеді. 21 наурызда да күн бұлтты, ауа температурасы түнде -18C, күндіз -7C болады.

Алматыда 19 наурызда қар аралас жаңбыр жауады, түнде 0C, күндіз +7C болады. 20 наурызда да қар аралас жаңбыр жауады, түнде -1C, күндіз +4C көрсетеді. 21 наурызда күн бұлтты, түнде -1C, күндіз +10C жылы.

Шымкентте 19 наурызда күн бұлтты, түнде -4C, күндіз +9C көрсетеді. 20 наурызда да күн бұлтты, ауа температурасы түнде -2C, күндіз +13C болады. 21 наурызда түнде -1C, күндіз +17C көрсетеді.