Демалыс күндері еліміздің кей өңірінде 18 градусқа дейін аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері еліміздің кей өңірінде 18 градусқа дейін аяз болады

Демалыс күндері еліміздің кей өңірінде 18 градусқа дейін аяз болады

[wpcode id="1694287"] Синоптиктер 2017 жылғы 1-3 сәуір - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Teng

  • 31 Наурыз 2017
  • 388
Фото - Caravan.kz


Синоптиктер 2017 жылғы 1-3 сәуір — демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, сәуір айының ауа райының ерекшелігі атмосфералық процестердің тез өзгеруінде. Қазақстан аймақтары арқылы антициклондар және циклондар жоғары жылдамдықпен жылжиды. "Еліміздің ауа райын алдағы демалыс күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, сонымен байланысты көптеген облыстарда жауын-шашын, сулы қар, оңтүстік облыстарда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі уақыттарда сулы қарға айналуы және температураның төмендеуі мүмкін", — делінген болжамда. Сонымен қатар, антициклонның ықпалымен сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ ауа температурасы түнде 8-18 градус аязға дейін төмендейді, климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен болады деп болжанып отыр.
 

Соңғы жаңалықтар