Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 492.22
  • 529.38
0 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескерту жасады.

  • 7 Қазан
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Әлемде марбург вирусы өршіп барады, деп хабарайды Caravan.kz медиа порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде.

Бұл туралы   Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Марбург вирустық ауруы — адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын сақтауды ұсынады

Халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға эндемиялық елдерге барған кезде мынадай профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:

1) жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ болу;

2) Африка жунглиінде кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу;

3) жергілікті жануарлардың нашар қуырылған етін жемеу;

4) мысырлық жарқанаттардың көп саны — вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары бар үңгірлер мен шахталарға бармау;

5) аурудың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;

6) жеке гигиена ережелерін сақтау.