"Қазір Италияда тұрамын. Жақын арада Белоруссияға көшемін, шаруалар арасында тіршілік кешемін. Өйткені ондағы табиғат көркем және президенті жақсы адам", — деді Депардье Le Figaro француз газетіне берген сұхбатында.
Актер Еуропаның даму жолы, қазіргі еуропалық лидерлер мен ЕО-ның мигранттар мен фермерлерге деген қатынасы ұнамайтынын айтты.
Депардье Белоруссияда шілде айында болған. Ол президент Лукашенкомен кездесті. Мемлекет басшысы оған ауыл шаруашылығындағы жұмысты көрсетіп, шөп шабуды үйретті.
2013 жылдың қаңтарында ресейлік азаматтықты алған Депардье Ресей президенті Владимир Путинді құрметтейтінін де айтқан.