Депутат Самат Нұртаза журналистер туралы: "Өздеріңізге қызықты депутаттардан ғана пікір аласыздар, сондықтан да сіздерді хайуанатпен салыстырдым" - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Самат Нұртаза журналистер туралы: "Өздеріңізге қызықты депутаттардан ғана пікір аласыздар, сондықтан да сіздерді хайуанатпен салыстырдым"

Депутат Самат Нұртаза журналистер туралы: "Өздеріңізге қызықты депутаттардан ғана пікір аласыздар, сондықтан да сіздерді хайуанатпен салыстырдым"

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде журналистерді «қолтырауын» деп сынаған жазбасы үшін кешірім сұрады.

  • 10 Мамыр 2023
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, жазбаны сынау мақсатында емес, әзіл ретінде жазған.

Қалжың түсінбесеңіздер, кешірім өтінемін. Адамзаттың өмірінде хайуанатпен, табиғатпен байланыстар өте көп. Сол жағынан салыстырмалы түрде оқырмандарыма жаздым. Қалжың түсінбесеңіздер, бұл жағдай енді қайталанбайды, — деді депутат.

Депутат жазбаны бүгін таңертен жазып, бірнеше минуттан соң өшіріп тастаған. Сонымен қатар депутат журналистерге өзінің көңілі толмайтын жағдайлар бар екенін де жасырмады.

Бір жарым ай өтті. Менің бір байқағаным, 20 шақты депутаттан ғана сұхбат алады. Ал қалған депутаттардан сұхбат алып, олардың пікірін білуге тырыспайтындар бар. Сіздер өздеріңізге қызықты депутаттардан ғана пікір аласыздар, сондықтан да сіздерді хайуанатпен салыстырдым, — деп түсіндірді.


Депутат бұл сәтсіз қалжың болғанын жасырмады.