Депутаттар арзан акциядан дәмелі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар  арзан акциядан дәмелі

Депутаттар арзан акциядан дәмелі

Халық қалаулылары «KEGOС»-тың небары 505 теңге тұратын құнды қағазын сатып алғысы келеді. Бірақ, заң бойынша Парламент мүшелеріне Халықтық IPO-ға қатысуға рұқсат жоқ. Мұны естіп аң-таң болған мәжілісмендер ренжіп қалғандарын жасырмады. Өйткені, еліміздегі электр жүйелерін басқаратын ең ірі компанияның акцияларына ие болғандар болашақта үлкен табысқа кенелетін көрінеді. Қазір «KEGOС» үлесінің аукционы жалғасуда.

  • 25 Қараша 2014
  • 251
Фото - Caravan.kz

«KEGOС»-тың акциялары қарашаның басынан бері саудалануда. Осы уақыт аралығында 4 мыңнан астам адам өтініш беріп үлгеріпті. Үміткерлердің әлі де екі апта уақыты бар. Сондықтан еліміздегі алпауыт электр компаниясының инвесторлары әлі сан мыңдап артуы мүмкін.

Бақытжан Қажиев, «KEGOС» АҚ басқарма төрағасы:

-Заң бойынша бүкіл Қазақстан республикасы азаматтары Халықтық IPO-ға қатысуға мүмкіндіктері бар. Тек заң бойынша Үкімет мүшелері мен Сенат және Мәжіліс депутаттары және Жоғары сот мүшелері қатысуға тыйым салынады.

Яғни, ең бірінші жалпақ жұртқа «KEGOС»-тан үлес бұйырады. Мұны естіген мәжілісмендер қапалы. Депутаттар да акционер болғысы келеді екен.Жалпы, «KEGOС»-тың акионері атану үшін алдымен брокерлік  компанияға барып, келісімге отыру керек. Әріқарай жеке шот ашады да құнды қағаздың санына қарай ақша аударуы тиіс. Бір акцияның құны 505 теңге. Депутаттар дәл осы делдал болып жүрген брокерлердің қызметіне күмән келтіріп отыр.

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

-Брокерлік компаниялардың рейтингін кім жүргізеді?Мекеме жұмысына жауаптылар бар ма? Өйткені, акция сатып алған адам электронды қол қояды. Ал, ол жерде азаматтың бүкіл жеке мәліметі жазылған. Жалпы, бұған брокерді араласудың қажеті не? Халықтық IPO болғандықтан, акциялар кез-келген дүкенде сатылу керек емес пе?

Бірақ депутаттардың алаңдауына негіз жоқ. Жұмыс істеп тұрған 20 брокерлік компанияда азаматтардың қаржысы сақталмайды және оларда акция туралы ақпарат мүлдем болмайды екен. Ал, акционердің пайдасына келсек, ел арасынан шыққан инвесторға «KEGOС»-тың жылдық таза табысының 40 пайызы тиесілі. Бірақ, нарыққа байланысты әлі талай өзгеріс болуы мүмкін.


Елена Бахмутова, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Біз алдын ала болжам жасамаймыз. Ол мүмкін емес, бәрі де экономикалық жағдайға байланысты. Компанияның тұрақты дамуына  әсер ететін факторлар бар. Егер мұнайдың бағасы құлдыраса, акциялар да төмендейді. Сондықтан, азаматтар құнды қағаз сатып аларда бағаның құбылып тұратын бірден ескеруі қажет.

Қор нарығында  «KEGOС»-тың 26 млн. жуық акциясын саудаға салып отыр. Егер сұраныс межеден асып кетсе, тағы да қосымша құнды қағаздар қарастырылуы мүмкін. Аукцион 3-ші желтоқсанға дейін жалғасатындықтан, инвесторлардың әлі екі апта уақыты бар. Ал, «KEGOС»-тан кейін «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп» компанияларының да үлесі нарыққа шығарылмақ.