ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясы Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясы Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға кірісті

ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясы Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға кірісті

 ДИАҚБ/ЕҚЫҰ бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөнінде ресми түрде миссиясын ашты.

  • 26 Наурыз 2015
  • 416
Фото - Caravan.kz


«ЕҚЫҰ миссиясы алдағы сайлауға дайындық жүргізу үшін Қазақстанға келді. Нәтижелер мен ұсыныстарға негізделе отырып баяндама жасалады, сондықтан қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік бақылаушыларды қамтитын негізгі командамен сайлауды бақылау жөнінде миссия құру туралы шешім қабылданды», — деп миссия басшысы Корнелия Йонкер бүгін Астанада баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Бұл Қазақстанда 1999 жылдан бергі біздің миссия бақылап отырған сегізінші миссия. Біз сайлаудың барлық қатысушыларымен ынтымақтастамыз», — дейді ол.
Миссияның негізгі командасы 12 халықаралық сарапшыдан, 10 ЕҚЫҰ мүшесінен тұрады.
Олар Астанада болады. Бұл сарапшылар сайлауды қағидалардың сақталу тұрғысынан бағалайтын болады.
К.Йонкердің мәліметі бойынша, миссия елде мамырдың басына дейін қалып, сайлаудан кейінгі жағдайды айқындайды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.