"Спортпен шұғылданған": Каспийде қаза болған 12 сарбаздың бірі Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған - kaz.caravan.kz
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
  • $ 441.89
  • € 502.56
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Спортпен шұғылданған": Каспийде қаза болған 12 сарбаздың бірі Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

"Спортпен шұғылданған": Каспийде қаза болған 12 сарбаздың бірі Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні.

  • 25 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/zhas_batyr_aktau

Естеріңізде болса, 24 қыркүйек күні Каспийде кезекті оқу-жаттығу барысында 14 әскери қызметкер суға батып кеткен еді, деп хабарлайды Caravan.kz.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Ақтау қаласы маңындағы Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар қатарында Маңғыстау облысы «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Аяпберген Сержан Талғатұлы да болды.

Әскери қызметкер жас кезінен спортпен шұғылданып, самбо, дзюдо спорт түрлерінен облыс, республика және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Маңғыстау спортының абыройын асқақтатқан дарынды жас спортшы еді.

Сержан жас кезінен спортпен шұғылданып, самбо, дзюдо спорт түрлерінен облыс, республика және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Маңғыстау спортының абыройын асқақтатқан дарынды жас спортшы еді.

Ол самбо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, самбодан студенттер арасында ТМД ойындарының күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберіне үміткер атанды.

«Спорттағы жарқын жетістіктерімен қатар, Сержан ел алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып, Отан қорғау жолында қаза тапты.

Аяпберген Сержан Талғатұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасына, туған-туыстарына, жақындарына және барша әріптестері мен спортшылар қауымына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.
Артында қалған туған-туыстарына Алла тағала сабыр берсін. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», — делінген желідегі пабликтердің бірінде.