Димаш Құдайбергеннің қазақша әні енді MTV USA эфиріне шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергеннің қазақша әні енді MTV USA эфиріне шығады

Димаш Құдайбергеннің қазақша әні енді MTV USA эфиріне шығады

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қазақша әні MTV USA эфиріне шығады. ,

  • 1 Қазан 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

MTV USA арнасынан Димаштың қазақ тіліндегі шырқалған әнінің бейнеклипі көрсетіледі. Ол кәрі құрылықта өнерін мойындатып, қазақ тіліндегі бейнежазбасын ұсынған тұңғыш қазақ әншісі. Клипті MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез-келген ел тамашалай алады.- деп хабарлайды  Caravan.kz порталы Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз!», – деп Димаш өз лебізін білдірді.


Бейнеклип Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында жүктелетіні белгілі болды. (Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығы) Бұл Америкада жұмадағы прайм-тайм. Дәл осы уақытта көрермендердің назары MTV арнасына ауады. Қаралымы көп, арна үшін құнды уақыт.

 

 

Соңғы жаңалықтар