Димаш желіні шулатты: "Қытай қызымен сүйісіп киноға түсіп не болды сонша, еліңе қайт" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш желіні шулатты: "Қытай қызымен сүйісіп киноға түсіп не болды сонша, еліңе қайт"

Димаш желіні шулатты: "Қытай қызымен сүйісіп киноға түсіп не болды сонша, еліңе қайт"

Димаш Құдайберген Қытай елінде түскен видеосын салды. 

  • 12 Қыркүйек 2018
  • 19103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Димаш Құдайберген желідегі парақшасына видео салып, желіні шулатты. Димаш киноға түсті ме, жарнамаға түсті ме анық-қанығы белгісіз. Тек видеоның астында "14 қыркүйекте" деп жазылған. 

"Димаш, қытай қызынан де, ерінен де сақ болшы. Өнерің үстем болсын! Дегенмен, байқашы, оларға керегі қазақтың асыл тұқымы, бұл сөздің ашығы", "Басқа елдің киносы мен жарнамасына түс, бірақ, қытайдыкіне түспеші", "Болашақта киноға не дорамаға түсіп, қызбен сүйіссең, қызға бірінші өзің ұмтылшы. Сонда әдемі көрінеді. Мына жерде қыз ғана сүюге тырысып жатыр. Режиссер қателігі. Димаштың болмысына сай нәрсе емес негізі. Димаш сүйіспей ақ, көзімен эмоциясымен жеткізе алады", "Жоқ мен түсінбедім. Димашжан-ау, Қытайда не істеп жүрсің? Конкурс баяғыда біткен сияқты еді ғой. Әлде, контракт бойынша сол жақта жұмыс жасау керек па екен? Кім түсіндіреді маған. Анда-санда қарап қоямын.Ылғи сол жақта жүресің түк түсінбедім", "Сүйіспей түсе бергенде болмайтын ба еді? Кино болсын, музыкалық бағдарлама болсын".

Енді бірілері Димашты қолдап, "кино ғой түсе бер, онда тұрған ештеңе жоқ, өнерің өрге жүзсін, биіктен көріне бер" деген пікірлер жазды. 

Әлемге танылған Димаштың әр салған посттарында әр елден, әр тілде жазылған пікірлерді оқи аласыз. Фонаттары өте көп. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

 

Соңғы жаңалықтар