Жарияланды: 30

Динагүл Тасова Playboy ұсынысы туралы: Шешінгеніммен, барып жатып аламын демедім

Динагүл Тасова Playboy ұсынысы туралы: Шешінгеніммен, барып жатып аламын демедім

 

Динагүл Тасоваға Playboy журналынан ұсыныс түскен, деп хабарлайды Stan.kz 

Төсін жалаңаштап сахнаға шыққан модель Динагүл Тасоваға ашық суреттерін көргеннен кейін, белгілі журнал Playboy-дан да ұсыныс түскен. Киім киісі дұрыс емес болса да, арудың сөзі мен ойы дұрыс. Ол Қазақстанның шетелге жаманатты болғанын қаламайтынын айтады. 

"Мен шешінгенімен, әрі қарай болды бітті мен Playboy-ға барып жатып аламын деп айтып жатқан жоқпын ғой. Негізі маған Playboy-дан да хабарласты. Кел, сен бізге өтіп тұрсың деп те айтты. Мен келісім бермедім. Көп жағдайда айта бермеймін. Шетелден миллиондаған тапсырыс түсті. Барлығынан бас тарттым", - дейді Динагүл Тасова.

Қазақты тек жақсы жағынан танытуды ойлайтын Динагүл Тасова шетелде ашық-шашық киініп, көрінгеннің етегінен ұстап кететін ойым жоқ деп ағынан жарылды.

"Осы елде жүргеннен кейін, өзімде осы елде көрсеткім келді. Басқа елге барсам, қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін, киімін, керек болса домбырада да ойнап көрсетемін. Мен шетелде ашық-шашық киініп көрген жоқпын. Олар менің қазақстандық екенімді біледі", - дейді Динагүл Тасова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін